Мемлекет басшысы Арман Исетовті Таиланд Корольдігінің елшісі лауазымына тағайындады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 12:44 Сурет: akorda.kz
Арман Исетов Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Бұл қызметті бұрын атқарған Раушан Есболатова Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: