Мемлекет басшысы елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген Ақорда жариялаған Мемлекет басшысының жарлығында.
Сондай-ақ президент жарлығымен Ержан Елекеев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
- Марғұлан Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
- Азамат Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Арман Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript