Мемлекет басшысы бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов – Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі
1976 жылы 11 мамырда Қарағанды қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Дипломатиялық қызметін 1998 жылы референт ретінде бастады, кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі болды. 1999 жылы Оңтүстік Кореядағы ҚР Елшілігіне атташе ретінде жіберілді. 2002 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының екінші хатшысы болды. 2002-2005 жылдары Аустриядағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы және Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
2005 жылдан 2008 жылға дейін ҚР СІМ Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінің директоры, Еуропа және Америка департаментінің директоры, Еуропа департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2008-2009 жылдары Қазақстанның Болгариядағы Сенімді өкілі болды. 2009-2012 жылдары – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – ЕҚЫҰ департаментінің директоры, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2012-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы, ал 2014-2015 жылдары Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2015-2019 жылдары Қазақстанның Чехиядағы Елшісі, сонымен қатар Қазақстанның Словакиядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы сәуірге дейін Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі болды.
I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын, француз, корей және индонезия тілдерін меңгерген.
Тимур Владимирович Пірімбетов – Қазақстанның Мексикадағы Елшісі
1973 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде референт қызметінен бастап, содан кейін атташе және үшінші хатшы қызметтерін атқарды.
1999-2004 жылдары ҚР Испаниядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы болып жұмыс істеді.
2004-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің протоколда қызмет етті, онда протокол бастығының орынбасары лауазымына дейін барлық сатылардан өтті. 2018-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.
2019 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанның Мексикадағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.
Испан және ағылшын тілдерін меңгерген.
Даурен Айтбайұлы Кәріпов – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі
1969 жылы 2 шілдеде Талдықорған облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің маманы ретінде бастаған. Кейін 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас консулдық басқармасының референті болды. 1996-1998 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің атташесі, үшінші хатшысы болды. 1998-2001 жылдары ҚР Германиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, ал 2001-2003 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы болды.
2003-2007 жылдар аралығында ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының үшінші хатшысы, вице-консулы, консулы болды. 2007 жылы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2008-2012 жылдары – ҚР Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі, ал 2012-2013 жылдары – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің кеңесшісі болды.
2013-2019 жылдары Германияда ҚР Берлиндегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі және Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР Бас консулы қызметтерін атқарды. 2019-2022 жылдары – Қазақстанның Германиядағы Елшісі.
2022 жылдың маусымнан бастап Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.
I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.
Неміс тілін меңгерген.