Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Экологтар Өскеменде жауған күлдің қайдан, қалай пайда болғанын анықтай алмады

Адамға да, жануарға да зиянсыз, дейді.

Сурет : altaynews.kz10 Қазан 2018, 15:51

Екі апта бұрын «Өскемендегі Питер коммунарлары көшесіне аспаннан күл жауды. Оның қайдан, қалай келгенін түсіне алмаған тұрғындар абыржулы. Адам денсаулығына қандай да бір зияны бар ма деген үрей басым көпшілікте болды. Аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлаған, деп жазады altaynews.kz.

Экология қызметкерлері сол сәтте күлді тексеруге алып кеткен болатын. Нәтижесі шығыпты.

– Біз күлді қатаң түрде, Май зауытынан шығатын күл қалдығымен салыстыра отырып тексердік. Нәтижесінде екеуі екі бөлек болып шықты. Бұл көшедегі күлге кәсіпорынның қатысы жоқ, – дейді Ерлан Тасбаев, облыстың бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

Бас экологтың айтысынша, жауған күл адамға да, жануарға да зиянсыз. Ол қайта 6 сағатта жерге сіңіп, өсімдіктің сабағын тыңайтады екен. Бірақ табиғат қорғаушылары жауған күлдің қайдан, қалай пайда болғандығын анықтай алмапты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер