Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімдігі жолдың қақ ортасындағы ойықтың қайдан пайда болғанын түсіндірді

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 19:41 Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігі жол төсемінің ойылып кетуіне байланысты мердігер ұйымға өз шағымын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 27 ақпанда қаланың Түрксіб ауданындағы Толмачев көшесінде оқыс оқиға орын алды. Асфальтта пайда болған ойыққа жүк көлігі түсіп кетіп, шыға алмай қалған.

Мамандар бұған қардың еріген суы және жауын-шашыннан кейін жиналған судың жер асты топырағын шаюы себеп екен айтады. Соның салдарынан асфальт төсеме төмен опырылып түскен.  

Алматы қаласының әкімдігінде аталған учаскеде 2021 жылы "Альвис" ЖШС компаниясы су құбыры және кәріз желілерін төсеу жұмыстарын жүргізгенін еске салды. Кепілдік міндеттемелері шеңберінде компания бұзушылықтарды, жолдағы ойық пен басқа да ақауларды жоюға міндетті.

Басқарманың ақпараты бойынша, болған оқиғадан кейін бір күн ішінде "Альвис" ЖШС компаниясы оқиға орын алған жердегі ойықты қажетті материалмен толықтырып, тегістеген. Алдағы сәуір айында қолайлы ауа райын пайдалана отырып, асфальт төсемені толығымен қалпына келтіру жоспарланған. 

26 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты Шымбұлақ-Эдельвейс тас жолы жабылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: