Алматы облысының әкімдігі газ құбырының зақымдануына қатысты пікір білдірді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 22:34 Сурет: pixabay
Алматы облысының әкімдігі құбыр жарылып, Талғар ауданының бірнеше ауылының газсыз қалуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18:45 шамасында Панфилов ауылында магистральдық газ құбырына ағаштың құлауы салдарынан Гүлдала, Тұздыбастау ауылдарында орналасқан 5 мыңға жуық тұрғын үй газсыз қалды.

"Аталған газ желілері қызмет көрсетуші "Тәуекел Газ" ЖШС-ға тиесілі. Қазіргі уақытта осы компанияның қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Оны сағат 00:00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін газ беру қайта қалпына келтіріледі", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Әкімдік жұмыс барысы өңір басшылығының бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетсек, елордада 28 қарашада сағат 18:40-та "Газовик" ЖШС құрылыс техникасы жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымды газ құбыры зақымдап, салдарынан "Көктал-1" ауданы газдан ажыратылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: