Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімдігі үй төбесіндегі мұзға байланысты үндеу жасады

Алматы әкімдігі үй төбесіндегі мұзға байланысты үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 12:54 Сурет: pxhere
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің төбесіне мұз жиналды. Осыған байланысты оңтүстік астана әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ғимарат не үй төбесінде мұз тұрғанын көрсе, тұрғындар травматикалық жағдайларды болдырмау үшін сервистік басқару органына (Мүлік иелері қауымдастығы, Пәтер иелері кооперативі, ЖШС және т.б.) хабарласуды сұрайды.

"Қауіпсіздік мақсатында карниздің, балконның және қар немесе мұз түсуі мүмкін басқа заттардың астында тұру ұсынылмайды. Сонымен қатар ескерту лентасымен қоршалған жерлерді айналып өту керек".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызметті басқару органы тиісті жауап бермеген жағдайда алматылықтар "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасы" КММ +7 (727) 225-14-31, сонымен қатар мына телефондар арқылы хабарласа алады: 


Үй төбесіндегі мұзға байланысты үндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 12:54

Сурет: Алматы әкімдігі


Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма; 9:00 - 18:00.

2023 жылдың 12 қаңтарында Алматының Төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады. Қатты аяздың -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты тұрғындарға көшеге, қала сыртына ұзақ сапарға шықпау, гипотермияға жол бермеу, көшеге шыққанда қалың киіну ұсынылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: