Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

inform.kz inform.kz
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шалабаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Бас прокуратура өз қатарындағы жемқорлыққа қарсы тұру үшін жүйелі түрде шаралар қолданып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазан айында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Д. Аязбаевтың аумағы 6 гектар болатын 102 жер телімінің пайдалану мақсатын өзгерту және қайта рәсімдеу ісіне заңсыз араласқанын анықтады. Аязбаев өз билігін асыра пайдаланғаны үшін оның ісі сотқа беріліп, өзі прокуратура органынан жұмыстан қуылды. Сондай-ақ арнайы дәрежесінен де айырылды. Ал заңсыз рәсімделген жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Сонымен қатар, 19 қазан күні Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Таран ауданының прокуроры М.Ж. Шалабаевты жергілікті кәсіпкерге "қамқорлық" көрсету үшін 750 мың теңге пара алып жатқан сәтінде қолға түсірді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шалабаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз