Алматы облысында төрт ай бұрын жоғалған оқушының өлі денесі табылды

www.inform.kz www.inform.kz
13 жастағы оқушының мүрдесін сот-медициналық сараптамаға алып кетті.

Алматы облысында 29 маусымда жоғалған Иса Бекбаевтың өлі денесі табылды. 13 жастағы оқушының мүрдесін сот-медициналық сараптамаға алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, баланың мәйітін жергілікті тұрғын өзен жағасынан кездейсоқ көріп қалған.

«Баланың денесі Үштөбе қаласындағы Қаратал өзенінің жағасынан табылды. Мәйітті сараптама жасау үшін мәйітханаға алып кетті», - деді А. Жұртбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні жоғалған. Ол досымен балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.

13 жастағы баланы облыс құтқарушылары 16 күн бойы іздеп, жұмыстары нәтиже бермеген еді. Сол себепті баланы іздеу тоқтатылғаны жөнінде оның ата-анасына ресми хат арқылы хабарланған.

Бірақ баласы «Қаратал өзеніне ағып кетті» дегенге сенбеген ата-ана облыстық ІІД-ге арнайы барып, басшылығынан іздеуді кешенді түрде жүргізуді сұрады.

Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары қайта жалғастырған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз