Семейде гаражда тұрған көліктен қыз бен жігіттің мәйіті табылды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2018 23:52 sputniknews.kz
Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жөнелтілген.

Семейде көлікте болған қыз бен жігітке иіс тиіп, қаза тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға 7 қаңтар күні кешкісін гаражда болыпты.

"Қыз бен жігіт гаражда тұрған көліктің ішінде болған. Тоңып қаламыз деп, көлікті өшірмеген сыңайлы. Мәйіттерін кешке төңіректі шолып шыққан күзетші тауып алды", — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Бастапқы деректер бойынша, қыз бен жігіт иіс газына тұншығып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: