Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: зардап шеккен тарап 14 млн теңге сұрады 

sputniknews.kz sputniknews.kz
Астана қаласы Есіл ауданының екінші қалалық сотында Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Астана қалалық сотында зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Сандинов айыпталушы Малика Мұхитовадан 14 млн 753 мың теңге материалдық шығын өндіруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана қаласы Есіл ауданының екінші қалалық сотында Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовтің өлімі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Процесс барысында зардап шеккен тараптың адвокаты Дамир Сандинов айыпталушыдан жалпы сомасы 14 миллион 753 мың теңге материалдық шығын өндіруді сұрады.

"Сотталушы Мұхитова жасаған қылмыс салдарынан мынадай мүліктік зиян келтірілді: оқиға орнында жанып кеткен 2012 жылғы мотоциклдің құны 3 миллион 956 мың теңге, жерлеу рәсіміне кеткен шығын 7,124 миллион теңге, жерлеуді өткізумен байланысты, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеуге қатысуға байланысты кеткен шығын 2, 542 миллион теңге. Келтірілген зиянның жалпы сомасы 14, 752 миллион теңгені құрайды", — деді авдокат.

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді. Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова қағып кеткен. 29 жастағы Малика Мұхитова өткен аптада өткен сот отырысында марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады. Өзінің кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Айтуынша, көлікті 2012 жылдан бері жүргізеді, алты жыл ішінде бірде бір рет жол-көлік оқиғасына ұшырамаған.

Айыпталушы "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейді, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз