Павлодарлық полицейлер 167 келі заңсыз ауланған балықты анықтады

Рavlodarnews.kz Рavlodarnews.kz
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасының 63 бұзушылығы анықталған.

Профилактикалық іс-шара барысында аңшылық-балық аулау шаруашылықтарының аумақтарында 284 аңшы мен балық аулаушы тексерілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасының 63 бұзушылығы анықталған.

- Заңсыз аң аулау мен аң аулау ережелерін бұзудың 38 фактісі анықталды, - деді баспасөз қызметінде.

– Балық аулау ережелерін бұзудың - 18 фактісі, алып жүру ережесін бұзудың 6 фактісі, аңшылық қаруды тасымалдаудың 6 фактісі тіркелді. 68 тәртіп бұзушы мен 7 көлік құралы ұсталды.

Полиция қызметкерлері 167 килограмм балық, 150 метр желі, қайық, пышақ және тағы басқалары алынды.

Сонымен қатар, Екібастұз полицейлері прокуратура өкілдерімен бірлесе отырып, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар-Екібастұз автожолы ауданында Екібастұз қаласынан 10 шақырым жерде кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз қазып алып жүрген жол жұмыстарымен айналысатын ЖШС-нің қызметкерлерін анықтады.

- Айып автотұрағына ілеспе құжаттарынсыз қытайда шығарылған қиыршық тас түріндегі жүктері бар 6 автокөлік қойылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 334-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді департаментте.


zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз