Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып, мерт қылды

Цензор.НЕТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2018 20:56 Цензор.НЕТ
Полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы бойжеткеннің жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын растады.

Петропавлда зілтемірді шалқалай жатып көтеру (классикалық түрі) спортынан Азия чемпионы Виктория Шестопалова қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин жазды.

"Облыстық барлық спорт қауымдастықтары керемет жас спортшы - өңір мен ел мақтанышының қаза табуына байланысты қайғырып, көңіл айтады" - деп жазды Р.Есеналин.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы бойжеткеннің жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын растады.

"21 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Петропавлда Жабаев-Чайковский көшелерінің қиылысында маршруттық автобус жүргізушісі 23 жастағы қала тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен алған жарақаты салдарынан қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

"Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: