Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

"Жигули" автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі бірдей жолаушысы оқиға орнында мерт болды.

Сурет : inform.kz23 Қараша 2018, 16:12

Түркістан облысында болған жол апатынан үш адам қаза тапты. Тағы бір жүргізуші түрлі деңгейде дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай 22 қараша күні күндіз Сайрам ауданының аумағында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасына "ВАЗ 2106" автокөлігінің жүргізушісі кінәлі болған.

"ВАЗ 2106" автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп "Ауди" автокөлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде, "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі бірдей жолаушысы оқиға орнында мерт болды.

"Ауди" маркалы автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді" делінген полиция хабарламасында. Қазіргі таңда Түркістан облысы ПД-нің анықтаушылары осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345 "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер