Атырауда балықтардың қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалуда

24.kz 24.kz
Қазіргі таңда Жайық өзеніндегі балық қырылу фактілері бойынша құжаттар Атырау облыстық Полиция департаментіне қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу үшін жіберілді.

Осыған байланысты тексеру шаралары жүргізіліп, Жайық өзеніне шайынды су төгетін мекемелердің барлығы жоспардан тыс тексерілетін болады. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Қазіргі таңда Жайық өзеніндегі балық қырылу фактілері бойынша құжаттар Атырау облыстық Полиция департаментіне қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу үшін жіберілді.

Кәсіпкерлік туралы кодекстің 144-бабына сәйкес инспекция тарапынан Атырау облысы Экология департаменті мен Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің хаттамасына сәйкес, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізбеу және шығын санын анықтау мақсатында «Атырау су арнасы» су жинау құрылымынан бастап теңіздің тамағына дейін Жайық өзені толықтай өлген балықтан тазартылып жатыр.

«Қазіргі таңда жиналған балық көлемі шамамен 1 тоннаға жуық», – дейді инспекцияның бас маманы Ақмарал Каукенова.

Авторы: Бекен Әлирахым

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз