Жаңалықтар тізбегі
0

Қалмұханбет Қасымов полицияның өліміне қатысты түсініктеме берді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2018 17:55 Baq.kz
Қазіргі таңда тіркелген факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Кеше Алматыда полиция қызметкері өз әріптесіне оқ атқан. Салдарынан жарақат алған тәртіп сақшысы қайтыс болды. Бұл ақпаратты ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растаған. Бүгін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталған оқиға бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Күдікті кезекшілікке келіп, қару алған. Ол қызметтік көлікті алу үшін гаражға барған сәтте оған туысын келген. Яғни – оның әпкесінің күйеуі. Ол жұбайымен 6 ай бірге тұрмаған. Үйінен кетіп қалған. Олардың үш баласы болған. Кезекшілікті тапсыруға келгенде екі полиция қызметкері арасында (жоғарыда аталған – автор) себептерге байланысты жанжал туындаған. Салдарынан оқ атылған. Зардап шегуші 21:00-де қаза тапты», - деді министр Сенат кулуарында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тіркелген факті бойынша тергеу жүргізілуде.

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ қауіпсіздік департаменті де тіркелген факті бойынша тергеуді бастады. Қалған ақпаратты тергеу аяқталған соң хабарлаймыз. Оқиғаның мән-жайы қылмыстық тексеріс барысында анықталады», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ министр қос полицияның жұмысқа тиісті тексерістен өткеннен кейін ғана қабылданғанын атап өтті.

«Олар психолог және полиграфтың тексерісінен өтеді. Мұның барлығы бізде бар», - деді ол.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Алматыдағы жергілікті полиция қызметінің аумағында болған. Қос полиция қызметкері бір-біріне туыс болып келген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: