Жаңалықтар тізбегі
0

Мәдениет министрлігіндегі парақорлық ісі: Екі адам қамауға алынды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 19:30 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде, тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Спорт және дене шынықтыру комитеті басшысының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ісіне қатысты екі адамды ұстады, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бірінші департаментінің ерекше істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz.

"Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарының ісі бойынша екі адам пара беруге ықпал ету күдігімен ұсталды", - деді Биғайдаров.

Ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында парақорлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын еске салды.

Тергеу барысында ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің лауазымды тұлғасы мен оның досы ұсталды. Оның досы құрылыспен айланысып, кәсіпорындардың бірінің басшысына қозғалған істі жаптыру үшін 40 миллион теңге көлемінде пара беруге түрткі болған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде, тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Күдіктілерге қатысты ақырғы шешімді сот шығарады, деп атап өтті тергеуші.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: