Астанада тағы да жолаушылар автобусы өртенді

elorda.info elorda.info
Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасын шақырудың қажет болмады.

Автобус Бейбітшілік көшесіндегі «Аграрлық университет» аялдамасына қарама-қарсы жерде жанды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Автобус 3 қаңтар күні Бейбітшілік көшесінің «Аграрлық университет» аялдамасына қарама-қарсы жерде жанды. Өрт №9 қоғамдық көліктің мотор бөлігінен шықты. Зардап шеккендер жоқ», - делінген компанияның хабарламасында.

Өрт автобус капотының ішкі қаптамасының қызуы себебінен орын алды.

«Жүргізуші жедел түрде жолаушыларды сыртқа шығарып, өрт сөндіру құралының көмегімен жанған өртті сөндірді», - делінген «Астана LRT» хабарламасында.

Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасын шақырудың қажет болмады.

Техникалық көмек келгеннен кейін жолаушылар көлігі әрі қарай техникалық қызмет көрсету үшін автобус паркіне жөнелтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында № 41 маршрут автобусы да өртенген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз