ШҚО-да әкімдік ғимараты өртенді
instagram.com/shygysqaz_tjd
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметкерлері еденнің өртеніп жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер әкімдіктің әкімшілік ғимаратындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
От Горький көшесіндегі Өскемен қаласы әкімдігінің ғимаратының бесінші қабатта орналасқан кеңселердің бірінен шыққан.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметкерлері еденнің өртеніп жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 121 шаршы метр аумақты жалмаған қызыл жалынды ауыздықтап, оның таралуына жол бермеу мүмкін болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript