Алматыда әкімшілік ғимарат өртенді

Өрт, Алматы, Алатау, Томирис, әкімшілік ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 20:09 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы қаласының Алатау ауданында оқиға орнына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жеткен өрт сөндірушілер әкімшілік ғимараттағы өртті оқшаулап, сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Адамдардың бар-жоғын анықтау мақсатында барлау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар жасырын жану ошақтарын анықтап, оны жою үшін шатыр аршылды.

Өрт сөндірушілер екі бағыт бойынша жұмыс жүргізді: негізгі өрт ошағын сөндіру және көршілес ғимаратты оттың таралуынан қорғау.

Суды үздіксіз беру үшін қолжетімді барлық ашық су көздерінен су алу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Оттың шығу себебі анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: