Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қызылордада иіс тиіп уланған 3 бала қаза тапты

Өрт сағат 19:55-те сөндірілді.

Сурет : elorda.info10 Қаңтар 2019, 10:33

Қызылордада иіс тиіп уланған 3 бала қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, кеше кешкі сағат 19:29-да өртке қарсы қызмет пультіне Қызылорда қаласының Махмұтов көшесі бойындағы «Наурыз» саяжай учаскесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен.

Үй ішіндегі жиһаздан басталған қызыл жалын жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрайтын төбе жабындысын шарпыған. Өрт сағат 19:55-те сөндірілді.

«Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литрлік бір газ баллонын шығарды. Құтқарушылар жеткенге дейін туған-туыстары үйдің ішінен 2011, 2012 және 2014 жылы дүниеге келген үш баланы алып шыққан. Иіс тиіп уланған оларды ауруханаға жеткізгенімен, балалар естерін жимастан көз жұмды», - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, балаларды өрттен алып шыққан адамдар да медициналық көмекке жүгініп ауруханға жатқызылған.

Өрт орнында Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар депаратменті жеке құрамының 19 маманы мен 7 техникасы жұмыс істеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер