Жаңалықтар тізбегі
0

Жәрдемақы мен алименттер шотынан ақша өндіруге тыйым салынбақ

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2019 21:02 Хабар 24
Сізге тек үшінші тұлғалар өндіріп алуды жүзеге асыра алмайтын "арнайы" шот ашу қажет болады.

ҚР заңнамасында жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдер, алименттерді және басқа төлемдерді аударуға арналған шоттардан ақшаны өндіріп алуға тыйым салу көзделген, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР банктер және банк қызметі туралы" Заңының ережелеріне сәйкес, қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде, банк төлем талабын қою арқылы қарыз алушының ағымдағы шоттарындағы қарыз алушының ақшасын даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте мұндай өндіріп алу оның ағымдағы шотындағы ақша сомасының және (немесе) қарыз алушының банктік шотына кейіннен түсетін әрбір ақша сомасының 50%-ы шегінде шектеледі.

2017 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы арасындағы кезеңде банктер заңнаманың көрсетілген талабын бұзуға жол берген. Бұл ретте, кейбір банктер қарыз алушының келісімінсіз қарыз бойынша мерзімі өткен берешек сомасында ақшаны өндіріп алуды клиент ақшасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде ақшаны есептен шығару бойынша шектеуді сақтамай, төлем ордері негізінде жүзеге асырған, осы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктерге қатысты тиісті ықпал ету шараларын қолданды.

Осыған байланысты қарыз бойынша берешекті есептен шығару үшін банктердің төлем ордерін қарыз алушының келісімінсіз пайдаланудың осындай практикасын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді және қазіргі уақытта қарыз бойынша берешекті есептен шығару үшін төлем ордерін пайдалануға әрбір осындай есептен шығаруға банктік шот иесінің жекелеген өкімі болған кезде ғана рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 24 қыркүйектен бастап "ҚР банктер және банк қызметі туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР заңдарымен төлем талабы негізінде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алған кезде жеке тұлғаның ағымдағы шоттарында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес сомадағы ақшаның сақталуына қатысты нормалар енгізілетін болады.

Осылайша, төлем талабы негізінде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті 50% шегінде өндіріп алған кезде банк шотында ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес сомада ақша қалуға тиіс.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының төлемдерін, білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша халықтың жинақ салымдарын аударуға арналған шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салу көзделген.

Сондай-ақ, заңнамада оларға ақша аудару мақсатында "арнайы" шоттар ашу тәртібі белгіленген.

Ұлттық Банкке жәрдемақылар, арнайы төлемдер және алименттер түріндегі ақшаны есептен шығару туралы қаржылық қызметтерді тұтынушылардан шағымдар келіп түсті. Өтініштерді қарау кезінде аталған төлемдер аударылған банктік шоттарды қарыз алушы олардан өндіріп алу тыйым салынған "арнайы" шоттар режимінде ашпағаны анықталды.

Егер Сіз жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді алушы болсаңыз, онда бұл жағдайда Сізге үшінші тұлғалар өндіріп алуды жүзеге асыра алмайтын "арнайы" шот ашу қажет.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер түрінде ақша, алименттер (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақша) алған жағдайда, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру аясында "арнайы" шоттар ашу қажеттілігі мәселелері жөнінде түсіндіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: