Ақтөбе облысында тұрғыннан ақша бопсалап келген күдіктілер ұсталды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 16:27 Фото: freepik
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қатысуымен жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық бағыттағы жастар тобының өкілдерін ұстады.

Жүргізілген тергеу барысында ұсталған азаматтардың екі жыл бойы жергілікті тұрғыннан жүйелі түрде ақша бопсалап келгені анықталды. Олар жәбірленушіні қорқыту және психологиялық қысым көрсету арқылы түрлі қаржы ұйымдарынан микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Салдарынан жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 900 мың теңгені құрады.

Күдіктілердің біріне тиесілі Mercedes автокөлігін тінту барысында полиция қызметкерлері үш оқжатарымен бірге пневматикалық автомат, ұялы байланыс сигналын бұғаттайтын құрылғы, жиналмалы пышақ тәркіледі. Аталған заттар қылмыстық іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді.

Аталған дерек бойынша бопсалау бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Полиция азаматтарды егер қандай да бір бопсалау, қорқыту немесе қысым көрсету фактілеріне тап болсаңыз немесе куә болсаңыз, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: