Павлодарда белгісіз зат жарылып, ер адам қаза тапты

ҚР ІІМ ТЖК  Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 23:19 ҚР ІІМ ТЖК Баспасөз қызметі
Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.

Павлодарда пәтерде белгісіз зат жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 наурыз күні сағат 14:40 өртке қарсы қызметіне Павлодардағы Мүткенов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жайлы хабар келіп түсті.

- Бірінші қабатта орналасқан пәтердің ас үй бөлмесінде белгісіз зат жарылып, арты өртке ұласады. Үй заттары мен тұрмыстық заттар отқа оранған. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпып үлгереді. Қызыл жалын сағат 15:01 ауыздықталып, сағат 15:11 толық сөндірілген. Жарылыс болған орында 1983 жылғы ер адамның өлі денесі табылды, сонымен қатар денесін күйік шалған 1986 жылғы ер адам аурухана төсегіне таңылды, - деп хабарлап отыр ТЖК баспасөз қызметі.

ТЖ орнынан өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 60 адам қауіпсіз жерге шығырылған, оның 15 бала.

Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: