Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында ұсталған есірткі сатушылар улы заттар пайдаланған

myslo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 23:56 myslo.ru
Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 400 келіге жуық есірткі заттарын тәркілеген.

Алматы облысының полицейлері есірткіні өндіру және тарату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында ұсталған екі азаматқа улы заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген айып тақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қаңтарда Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері арнайы жасақтың көмегімен ғаламтор арқылы есірткі саудасын жасады деген күдікпен екі ауыл тұрғынын ұстаған. Ауылдардың бірінің шетіндегі иесіз үйде полицейлер есірткі әзірлейтін және оларды дозаларға бөліп орайтын зертхананы анықтады. Аталған зертханадан 6 килограмм есірткі табылып тәркіленді. Оның жартысы қарапайым марихуана, ал қалғаны белгісіз қоспалары бар синтетикалық есірткі болып шықты.

"Жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша өсімдік тектес есірткі заттары "фенол" деп аталатын улы затпен мейлінше суғарылғаны анықталды. Фенол – өте улы зат және аса қауіпті заттардың қатарына жатады. Яғни, тәртіп сақшыларының көмегімен заңсыз айналымынан улы есірткі заттарының таралу жолы кесілді", - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, жаңадан анықталған жағдайларға байланысты қамауға алынған күдіктілерге улы заттардың заңсыз айналымына қатысы болғаны үшін жаңа айып тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыс аумағында тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 400 килограмға жуық есіткі заттарын тәркілегенін айтқан болатынбыз. Оның ішінде марихуана, гашиш және героин сынды есірткі түрлері бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: