Алматыда ГАЗель жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

ҚР ІІМ ТЖК  Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2019 21:39 ҚР ІІМ ТЖК Баспасөз қызметі
Оның жүргізушісінің беті күйіп қалған.

22 сәуір күні сағат 11:39 Алматы қаласы ТЖД "101" пульт нөміріне қаланың Әуезов ауданында, Райымбек даңғылында орналасқан "KazMart-1" ЖШС аумағында тұрған ГАЗель автокөлігінің өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Жалын шарпыған аумақ 6 шаршы метрді құрап отыр. Өрт 11:50 ауыздықталып, 11:54 минутта толықтай сөндірілді. ТЖ нәтижесінде 1970 жылы туған жүргізушінің беті күйіп қалған. Жедел жәрдем бригадасының тексерісінен соң оған ауруханаға барудың қажеті болмаған, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамның 9 маманы мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: