Астанада қаланың ортасында Mercedes көлігі түгі қалмай жанып кетті

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2018 15:31 Stan.kz
Көлік өртін сөндіруге елорданың ТЖ қызметінің 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Астананың Asia Park сауда ойын-сауық орталығы жанында Mercedes-Benz көлігі жанып кетті, - деп жазады Stan.kz.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Астана қаласы ТЖД-ға 4 қаңтар күні сағат 23:22 Қабанбай батыр даңғылы бойындағы сауда ойын сауық орталығының жанында Mercedes-Benz E 320 маркалы көліктің жанып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сағат 23:31-де сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», – деді Руслан Иманқұлов.

Көлік өртін сөндіруге елорданың ТЖ қызметінің 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: