Астанада көше ортасында экскаватор түгі қалмай өртеніп кетті

Өрт, Астана, экскаватор, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 19:50 Сурет: Instagram/astanovka98
Астанада 17 сәуірде Қабанбай батыр көшесі бойында экскаватор өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттің салдарынан көлік қозғалысы тежеліп, куәгерлердің бірі өртті сөндіруге тырысты.

Астана қалалық ТЖД Zakon.kz сайтына оқиға орнына сағат 17:30-да өрт сөндірушілер келіп жеткенін, өрттен ешкім зардап шекпегенін жеткізді. 

"Өрт сағат 17:37-де оқшауланып, 17:49-да толығымен жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және Астана қаласы ТЖД-ның екі техникасы жұмылдырылды", - деді ведомстводан.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: