Нұр-Сұлтанда газель түгі қалмай өртеніп кетті
![газель өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 10:49](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f6b58aa7-7d52-4b30-8e34-1c15e4d92383/800x451.webp)
Нұр-Сұлтанда «Газель» дәл жол бойында өртеніп кетті. Оның газ баллоны жарылған. Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Газель өртенген жерден түсірілген видео Instagram-дағы астаналық пабликтердің бірінде жарияланды.
Zakon.kz тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, оқиға 28 шілде күні болған.
Сағат 15:48-де Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Тұран даңғылы, 89 мекенжайында «Газель» өртеніп жатыр деген хабарға жауап берді. Өрт сағат 16:02-де сөндірілді.Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ деп түсіндірді.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript