Жаңалықтар тізбегі
0

Пара ретінде Toyota Camry алған шенеунік ұсталды

Zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2019 20:34 Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталып қалды.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 3 жылда білім беру саласында коррупцияға қатысты 620 дерек тіркелген, келтірілген шығым сомасы – 1,5 млрд. тенге. 364 тұлға әшкереленді, оның ішінде 57 мектеп директоры, 10 колледж директоры, 22 балабақша меңгерушісі.

Осы аптада ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" басшылығы тарапынан жасалған жемқорлық схемасы ашылды.

"Ұлттық тестілеу орталығын" 2016 жылы басқарған бұрынғы басшы су жаңа Toyota Camry автокөлігін пара ретінде алды деген күдікке ілінді. Ол көліктің құны 9 млн теңгеден асады. Бас директор мемлекеттік сатып алуда сыбайлас компанияның мүддесін қорғағаны үшін пара алған.

Пара ретінде берілген автокөлік тәркіленді.

Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығын 2017-2018 жылдары басқарған тағы бір бас директор да жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алып келген. Ол директор да қамауға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: