Жаңалықтар тізбегі
0

Креслоны пара ретінде алған полиция офицері сотты болды

officekreslo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2019 17:59 officekreslo.ru
Тәртіп сақшысын Ұлттық бюро қызметкерлері тура қылмыс үстінде ұстаған.

Ақмола облысында полицейге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz kokshetau.asia басылымына сілтеме жасап.

Басылымының хабарлауынша, 2019 жылы 3 ақпан күні Ақмола облысы бойынша жол полициясы ЖПҚ ЖППБ командирінің орынбасарына бір танысы жолығып, ағасының жүргізуші куәлігін қайта жасау үшін кеңес сұраған. Батальон командирінің орынбасары болса, танысына ағасының жүргізуші куәлігінсіз жүре беруіне болатынын айтады. Ал егер жол полициясының қызметкерлері тоқтатқан жағдайда ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, мәселені шешетінін жеткізген. Өзінің бұл қызметі үшін полицей кеңсе креслосын "сыйға" тартуды талап еткен.

8 ақпан күні сотталушы Көкшетаудағы "Хозяюшка" дүкеніне таяу маңда танысынан пара ретінде құны 67 563 теңге болатын кеңсе креслосын алған. Тәртіп сақшысын Ұлттық бюро қызметкерлері тура қылмыс үстінде ұстаған.

Күдікті полицей ауыр жемқорлық қылмыс жасағанын мойындау жайлы процессуалды келісімге (лауазымды тұлғаның пара алуы) қол қойған.

Көкшетау қалалық соты офицерге жаза ретінде айыппұл төлеу үкімін кесті. Енді ол алған парасын отыз есе қылып, яғни 2 026 890 теңге болпатын қаражатты айппұл ретінде төлейтін болады. Ол сонымен қатар мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс жасау құқығынан және арнайы майор атағынан айырылды. Ол аталған айыппұлды алты ай көлемінде төлуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: