Полиция есірткі сатумен айналысқан шымкенттікті құрықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, камера полицейского, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 13:54 Фото: Zakon.kz
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 30 жастағы тұрғынды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам марихуананы сатып алушылармен жеке кездесіп, қолдан қолға сатқан.

Есірткі таратушы жұмысын күдікті ғаламтордан тапқаны анықталды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, кіші дозаларға бөліп, өткізген.

Полицейлер оны кезекті дозаларды таратуға шыққан кезінде ұстады.

Ер адамның сөмкесінен 11 есірткі орамасы, ал пәтерінен марихуана салынған пластик ыдыс табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.

Қазіргі таңда күдікті қамауда. Есірткі өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: