Жаңалықтар тізбегі
0

Ел Тоқаев пен Қосановтың дебатын көргісі келеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2019 16:26 zakon.kz
30 жыл бойы елде қордаланған мәселелер Ақорда белгілеген үш тақырыпқа сыймайды.

29-шы мамыр күні саяси дебат болатын болды. Ол қалай өтеді, мәселе сонда болып тұр, деп пайымдайды сарапшы Бекболат Қаржан facebook-тегі парақшасында.

Сарапшының ойынша, осы саяси дебат бұл жолы тағы да саяси кандидаттардың маскасын сыпырып алады.

– Елдің белсенділігі, қырағылығы дәл қазір барлық кемшілік пен артықшылықтарды анық көріп отыр. Сондықтан алдау мен саяси технология іске аспайды. Кандидаттарға саяси тақырыптар бойынша шектеу қойылыпты. Сонда бұл жай ғана қойылымнан несі артық? Саяси дебат біздің елдегі үш қана тақырыппен шектелсе, онда менің айтарым жоқ. 30 жыл бойы біздің елдегі қордаланған саяси, құқықтық, әлеуметтік, басқа да мәселелер бұл дебаттың қауызына сыймайды. 30 кітаптан да асып кететіні сөзсіз. Тағы оны үш тақырыптың аясына тыға салыпты. Күлкілі жағдай, – дейді ол.

Оның пікірінше, ел басты екі қарсылас арасында өтетін саяси дебатты күтіп отыр. Өйткені әзірге олардан басқа кандидаттардың ел аузында жүргені шамалы. Атын атап, түрін түстеп жатқан ешкім жоқ.

– Ел Тоқаев пен Қосановтың арасындағы тартысты көргісі келеді. Тым болмаса ОСК мен Ақорданың политтехнологтары белгілеп берген үш тақырыпта басты екі кандидатты сайысқа түсірсе де қызық болайын деп тұр. Ашық дебатта Қосанов Тоқаевты шаң қаптыратыны белгілі. Саяси дебат өтетін күні Еуразиялық одақтың басшыларының жиыны өтетін болыпты. Оған Тоқаевтың баратыны сөзсіз. Сол үшін ол саяси дебатқа қатыса алмайды деп алдын ала айтылады. Бұл жиын ел алдында ешқандай да желеу емес. Себебі, бұл одақтың қазақ мүддесіне жасап отырған пайдасы жоқ, – дейді пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: