Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

Ж. Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2019 22:01 Ж. Құспанов
Отырыста бірқатар заң жобалары талқыланды.

Бүгін, 14 маусым күні, Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар қарауына Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Заң жобасы атап айтқанда, кондомииниум объектілерін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметті, оны ресімдеу тәртібін, ортақ мүлікті күрделі жөндеу үшін ақша қаражатын жинауға, осы процестерге меншік иелерінің өздерінің қатысуын, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын тарту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігін, сондай-ақ, тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған.

Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарайды деп күтілуде.

Бюро отырысының күн тәртібінде лотереялар және лотерея қызметі мәселелері және көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: