Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Депутаттар қарауына ойын бизнесі мәселелеріне қатысты заң жобасы I оқылымда ұсынылды. Құжат құмар ойындар саласындағы заңнамадағы олқылықтарды жоюға, сондай-ақ букмекерлер мен лотереялардың қызметін бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бюро отырысында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі және Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысына заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелеріне қатысты заң жобалары II оқылымда қарау ұсынылды.
Сонымен қатар ЕЭО пен Қытай кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісім туралы ратификациялық заң жобасы қарастырылды.
Сондай-ақ, отырыста Палатаның салалық комитеттері бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Олар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату және ТМД қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету туралы келісімдерге қатысты заң жобалары.