Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

Ж. Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2019 20:17 Ж. Құспанов
Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібі жасалды.

Бүгін, 19 сәуір күні, Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттар қарауына "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Бұл заң жобасы әкімдік-деликтік заңнамасын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті ізгілендіруге және репрессивтілігін төмендетуге бағытталған. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті электрондық форматқа кезең-кезеңмен аудару көзделген.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібіне "1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: