Қостанай облысындағы Таран ауданының атауы өзгертілді

Қостанай облысының Таран ауданы енді Бейімбет Майлин ауданы болып аталады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысындағы Таран ауданын қайта атау туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінеді Жарлық мәтінінде.
Бөлісу
0
Толық оқу