Қостанай облысында қар жауды
![pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 19:59](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f46fb7d2-eb01-46e5-8119-1930d4a15bd4/800x452.webp)
Видео сипаттамасында Бейімбет Майлин ауданы маңына қар түскені айтылады.
27 қыркүйекте Қостанай облысында қар жауды, деп хабарлайды zakon.kz.
Instagram-да қыркүйек айына тән емес табиғаттың құбылысы түсірілген видео жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео сипаттамасында Бейімбет Майлин ауданы маңына қар түскені айтылады.
Алдында синоптиктер 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын хабарлаған.
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталық пен шығыста жауын-шашынның (жаңбыр, қар) түсуіне, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууына ықпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады деп күтіледі, делінген синоптиктер хабарламасында.
Сонымен қатар, - 6 градусқа дейін күн суытатыны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript