Қазақстан мен Жапония арасындағы жаңа әуе қатынасы туралы

pxhere.com pxhere.com
"Эйр Астана" әуекомпаниясы осы әуебайланысты орнатуға ешқандай субсидия алмағанын айтқымыз келеді.

"Эйр Астана" компаниясы Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының ашылуына байланысты ақпарат берді, деп хабарлайды "Эйр Астана" АҚ Корпоративтік коммуникациялар департаменті.

Қазіргі таңда "Эйр Астана" екі ел арасындағы тұрақты әуебайланысты іске қосу бойынша қарқынды жұмыс атқаруда. Тұрақты рейстер Жапонияның авиациялық билігінен ұшуға рұқсатын алуды талап етеді. JCAB(Japan Civil Aviation Bureau) құжаттарды тапсыру көп уақыт алады және техникалық мәселелердің шешуді талап етеді. Бұл процесс кем дегенде жарты жыл алады.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы осы әуебайланысты орнатуға ешқандай субсидия алмағанын айтқымыз келеді. Құрылғаннан бастап әутасымалдаушының дамуы өз қаражат есебінен қамтамасыз етілген, ешқандай мемлекеттік субсидиясыз. Әуекомпанияның 33 ұшағынан 11 әуе кемесі тікелей өндірушілерден меншікке алынған.

Осы туралы соңғы ақпарат болса, міндетті түрде хабардар боласыздар.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз