Жаңалықтар тізбегі
0

Әблязов "қазақтың Ленині" ма

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2019 20:54 видеодан кадр
Билік Мұхтарды революционер, қанқұйлы империалист етіп көрсетуде.

"Билік қашқын-банкирді "жарнамалап", оны Люцифер (Христиан дінінде – Әзәзіл, Шайтан) етіп көрсетуде", деп жазады желіде журналист Дастан Елдесов.

Журналист байқап қойғандай, бүгінгі билік Мұхтар Әблязовты революционер, қанқұйлы империалист, тамұқ әулиеті, жер бетіндегі зұлымдық етіп көрсетуге тырысып отыр екен.

– Бұрын Әблязовты "жарнамалаумен" көк шар ұстаған балалар мен үлкен кісілерді ұстайтын полицейлер айналысса, қазір бұл күреске "Нұр Отан" партиясы, Бас прокуратура, тағы басқалар кірісті. Алайда миллиондаған азамат "2019 жылдың 6 шілдесінде рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, соған қатысуға арандататын үндеу" туралы Бас прокуратурадан естіп отыр. Ал митингте сөйлеген Бақытжан Ертаев тіпті былай деді: "Біз шетелде отырып алып, елімізде паника тудыруға жол бермейміз. Біз Отанды қорғаймыз! Біз бірігуіміз керек!". Әблязов тура Ленин сияқты революция дайындап отыр! Отанымызға қауіп төнді, – дейді ол.

Енді Әблязов туралы бүкіл Қазақстан біліп алды.

– Ал осы "жарнама" болмағанда Әблязовты халық баяғыда ұмытып кетер еді – әлеуметтік желілердегі азғантай адамнан басқа (оның эфирлерін 100-500 адам ғана қарайды). Енді Әблязов туралы бүкіл Қазақстан біледі, шарын да, митингін де, Отанды қорғау туралы да, деструктивті күштер туралы да. Әблязов не деген дарын еді! Шынымен де, Қазақстанға қауіп төнді! Елге Шайтанның нақ өзі тікелей тиіскелі тұрғанда қайдағы жемқорлықпен, ұрлық-қылмыспен күрес? – деп түйіндейді ол өз ойын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: