Қалыңмалды қайтарып алуға бола ма? Заңгер жауабы
Сурет: pixabay
Екі жас айырылысып жатса, қалыңмалды қайтаруды талап етіп жататындар бар. Бұл қаншалықты заңды?
Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес, әркiм өз құқығын мен бостандығын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Кез келген адам өзінің құқығы шектелді деп ойласа, сотқа жүгіне алады. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Егер қағаз немесе ауызша келісім болмаса, қалыңмал қайтарылмайды. Іс сотқа дейін барса, ол жерде нақты дәлелдер көрсетілуі керек. Көп жағдайда сот шешімі қанағаттандырылмай жатады. Өйткені берілген қалыңмал сыйлық ретінде екінші жаққа табысталады.
"Дегенмен қалыңмалды сот арқылы қайтаруға болатын жолы бар. Ол үшін қолхат болуы шарт немесе қағаз жүзінде неке келісімшарты түзілсе, берілген қалыңмалды қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар".Заңгер Венера Нұрғалиқызы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript