Жаңалықтар тізбегі
0

Анықтамада еңбекке жарамсыз деп жазылса, мүгедектігі бар адамды жұмысқа алуға бола ма

жұмыс, сұхбаттасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 10:49 Сурет: pexels
Жұмыс беруші анықтамасында «жұмыс істеуге қабілетсіз» деген жазуы бар, 2-топтағы мүгедектігі абр адамды еден жуушы етіп жұмысқа алуына құқығы бар ма? Осындай сауал электронды үкімет сайтында қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республиканың еңбек заңнамасы мүгедектігі бар адамның денсаулығына байланысты жұмыс істеуге қарсы көрсетілім болмаса, олардың еңбек ету құқығын реттейтінін айтты.

Медициналық қорытынды негізінде адамға денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімдегі жұмыстарды орындауға еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.

Бұл ретте Еңбек министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамды әлеуметтік қорғау туралы» заңға сәйкес еңбек шартын жасасудан бас тарту немесе қызметте жоғарылату, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату, басқа лауазымға ауыстыру мүгедектік белгісі бойынша мүгедекті оның келісімінсіз басқа жұмысқа жіберуге жол берілмейді.

Өз кезегінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте барлық азамат жұмысқа немесе оқуға түсуге өтініш берген кезде денсаулық жағдайын анықтау және мемлекеттік органдардағы қызметтік міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сонымен қатар жалпы кәсіптік және жұқпалы және паразиттік аурулардың таралмауының алдын алу үшін алдын ала міндетті медициналық тексеруден өтуі көзделген.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша қызметкердің денсаулығының жұмысқа сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі және жұмысқа қарсы көрсеткіштердің болуы туралы қорытынды жасалады. Айта кету керек, қазір мүгедектігі болуы адамның еңбекке қабілеттілігінің немесе мүгедектігінің көрсеткіші болып есептелмейді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Басқармада айтылғандай, мүгедектігі бар адамды жұмысқа орналастырудың негізгі факторлары – олардың біліктілігі, кәсіби құзыреттілігі, кәсіби міндеттерін орындауға медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.

Осылайша адам мүгедектігі бар болуына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің түрі оларға қарсы көрсетілмесе, еңбек етуге құқылы.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылаймыз: жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушіге құжаттарды ұсыну қажет. Атап айтқанда, денсаулық жағдайы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес міндеттерін орындауға сәйкестігі туралы медициналық ұйымның қорытындысын көрсету қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: