Жаңалықтар тізбегі
0

Ерекше ыстық. Тоғыз облыста күн күйіп тұр

kz-news.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2019 17:52 kz-news.info
Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде найзағаймен бірге, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа – райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, күндіз – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз-найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең – тұман күтіледі.

Қызылорда, күндіз Түркістан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қауіпі сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: