29 маусымда Қазақстанда ауа-райы қандай болады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады – найзағаймен бірге жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, солтүстіктің кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түркістан обысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні шаңды даулмен 25 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді .
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.