Дүйсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады
Сурет: zakon.kz
Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстік жартысында циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript