Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
![Фото: khabar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 15:32](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-44ea9be0-3a1c-4ad2-b12a-b469da05b634/800x452.webp)
Облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыста және солтүстік-батыста кей жерлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін, көктайғақ болады. Кей өңірлерде тұман түседі, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript