Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО әкімі "Батыс су арнасына" барып қайтты

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 19:14 пресс-служба
Ол үшін магистральдық құбырларды ауыстыру, жаңа ұңғымаларды бұрғылау және басқа да бірқатар құрылыс іс-шараларын жүргізуді талап етеді.

Өңір басшысы Ғали Есқалиев "Батыс су арнасы"ЖШС жұмысымен танысты. Сапар барысында су тазарту құрылғылары тексеріліп, су тазарту және жаңа су тазарту құрылғының құрылысына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Оған қоса, кәріз-тазарту құрылысындағы жөндеу жұмыстарының орындалуын тексерді. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан өңір басшысы қала әкімдігі, қоғамдық өкіл В. Мұқатаев, коммуналдық қызметтің атқарушы компаниясы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Кездесуде халықты қыс және жаз айларында сумен қамту мәселесі көтерілді. Ол үшін магистральдық құбырларды ауыстыру, жаңа ұңғымаларды бұрғылау және басқа да бірқатар құрылыс іс-шараларын жүргізуді талап етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 19:14, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 19:14, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 19:14

Өңір басшысы басқарушы компанияға және қала басшылығына осы жұмыстарды атқаруды тапсырды. Облыс әкімі атап өткендей, жұмыстарды қыс басталғанға дейін аяқталуы тиіс. Отырыста екінші қаралған мәселе жыл сайын өсіп келе жатқан қаланың дамуын ескере отырып, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болды. Ағымдағы су көлемі халықтың қажеттілігін өтемейді.

Осы орайда "Батыс су арнасы" ЖШС-не бюджет үшін ең аз қаржы шығындарымен сумен қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсыныс әзірлеу тапсырылды. Үшінші мәселе суды үнемдеу жобасына арналды. Өңір басшысы басқарушы компания басшылығының назарын су үнемдеу бағдарламасын ұсынуға, ауыз суды коммерциялық мақсатта (бау-бақшаларды суару, көлік, басқа да құралдарды жуу және т. б.) пайдаланып жатқандығы абоненттер үшін дифференциалды тариф енгізуге, су есептегіш құралдармен қамтамасыз етуге аударды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: