Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының үш ауданында бір тәулікке жуық уақыт салқын су болмайды

Алматының үш ауданында бір тәулікке жуық уақыт салқын су болмайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 13:50 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жабдықтарды ауыстыру үшін бірқатар тұрғын үй массивтерінде су уақытша ажыратылады

"Қаланың орталық бөлігіндегі бірнеше тұрғын үйлер технологиялық жабдықты ауыстыру процесінен туындаған өндірістік қажеттілікке байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады", - деп хабарлады "Алматы су" МКК.

10 тамызда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін келесі аудандарда орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады:

  • Бостандық ауданының аумағында: Байтұрсынов - Абай-Желтоқсан-Тимирязев шаршы көшелерінде;
  • Алмалы ауданында Абылай хан-Гоголь-Назарбаев-Абай шаршы көшелерінде;
  • Медеу ауданында Назарбаев-Гоголь-Төлебаев-Абай шаршы көщелерінде;

"Алматы су" уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады. Анықтама телефоны: 274-66-66.

Бұған дейін "Алатау ЖарықКомпаниясы" АҚ 7-11 тамыз аралығында Алматыда электр қуатын жоспарлы өшіру кестесі туралы айтқан еді. Кестеге сәйкес, өшіру Төле би, Сәтбаев, Абай, Мұқанов, Құрманғазы, Байзақов көшелерінің бойындағы тұрғындарға, сонымен қатар Қарағайлы, Ақжар, Қалқаман-2, Алғабас, Жас-Қанат және тағы басқа ықшамаудандардың тұрғындарына әсер етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: