Алматының екі ауданында уақытша суық су өшіріледі

Алматының Алмалы және Жетісу аудандарының бірқатар тұрғын алаңдары суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 шілде күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін:
- Алмалы ауданындағы Мақатаев – Чайковский – Райымбек – Наурызбай батыр көшелерінің контурында;
- Жетісу ауданындағы Райымбек – Желтоқсан көшелерінің, темір жол, Коммунальная көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
"Алматы су" МКК-нің мәліметінше, бұл секторлардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажыратуға сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript