Алматы қаласындағы аудандардың бірінде суық су өшіріледі

Су, Алматы, Наурызбай ауданы, су, "Алматы су"МКК, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 13:29 Сурет: pixabay
Алматының Наурызбай ауданында түнде бірқатар шағын аудан суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы су" МКК суды өшіруге сүзгі стансасының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар себеп болып отырғанын хабарлады.
"18 мамыр күні сағат 22:00-ден 19 мамыр күні сағат 03:00-ге дейін Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы шағын аудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су өшіріледі. Анықтама телефоны: 274-66-66".«Алматы су» МКК

Компания уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: